«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны көрерменсіз өтетін болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Орталық стадион
«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны көрерменсіз өтетін болды / фото: архив kursiv.media

УЕФА жастар арасында Чемпиондар лигасы аясындағы «Қайрат» U-19 – «Реал Мадрид» U-19 кездесуі көрерменсіз өтеді. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы мәлімдеді.

Матч 30 қыркүйек күні сағат 12:00-де Майлин көшесіндегі Сегізбаев атындағы Академия алаңында ұйымдастырылады. Алайда ойынға жанкүйерлер кіргізілмейді. Клубтың шешіміне сәйкес, матчты тек академияның бапкерлер құрамы, қызметкерлері, ойыншылардың ата-аналары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ғана тамашалай алады.

ФК «Қайраттың» хабарлауынша, бұл шешім стадионның сыйымдылығының шектеулі болуына байланысты қабылданған. Академия алаңы бар болғаны 250 орынға есептелген.

Айта кетейік, сол күні кешке, яғни 21:45-те Алматының Орталық стадионында «Қайрат» пен «Реал Мадридтің» негізгі құрамдары арасындағы Чемпиондар лигасы ойыны өтеді. Бұл ойынға барлық билеттер сатылып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз