Алашбаева қызы Перизат Қайраттың ақшаны қайдан алып отырғанын білмеген – адвокат

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Перизат Кайрат
Перизат Қайраттың үкімге шағымы қаралып жатыр/коллаж kursiv.media

7 жылға сотталған Ғайни Алашбаева қызы Перизат Қайраттың ақшаны қайдан алғанынан хабары болмаған. Мұны апелляциялық сотта адвокат Асланбек Дәулетияров айтты. Оның сөзінше, Перизат Қайрат анасының шотына ақша аударған кезде оның қайдан келгенін түсіндірмеген.

«Жәбірленушінің ешқайсысы Алашбаева тарапынан жымқыру әрекеті болғанын айтпады. Олар Алашбаеваға қатысты бірде-бір азаматтық талап арыз бермеді. Тек AsarUme қоры процестің аяғында ғана талап арыз жолдады. Жәбірленушілердің өзі бұл іске Алашбаеваның қатысы жоқ екенін түсініп отыр.

Перизат Қайрат сотта берген жауабында өз шотынан анасына ақша аударған кезде қаражаттың қайдан келгенін айтпағанын жеткізді», – дейді адвокат.

Айтуынша, қайырымдылық қоры шотынан Алашбаеваның шотына тікелей аударым жасалмаған. Ақша алдымен Перизат Қайраттың шотына, содан кейін Ғайни Алашбаеваға аударылып отырған. Тек бір жағдайда ғана қордан Алашбаеваға тиесілі жеке кәсіпкерлік шотына 72 млн теңге аударылған.

Ал мемлекеттік айыптаушы Индира Жұмағалиқызы Алашбаеваның қылмысқа қатысын іс материалдарындағы деректер дәлелдейтінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз