Блогер Just King қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Против блогера Just King могут завести уголовное дело
Агенттік блогерлердің салық төлеу мен табысына қатысты тексеріс жүргізеді / Фото: Instagram/justking31

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов блогерлер Жанабыловтер отбасы мен пен Just King-ке қатысты материалдар ведомствоға әлі түспегенін айтты.

Десе де, агенттік олардың ұтыс ойынынан қаншалықты табыс тапқанын және салықты төлеу фактілеріне қатысты тексеру жүргізеді. Егер табыс көлемі 10 мың АЕК-тен (шамамен 39 млн теңге) асса, заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық іс қозғалады.

Сонымен қатар ҚМА блогерлердің қаржы пирамидасын немесе казиноны жарнамалау фактілерінің бар-жоғын да зерттеп жатыр.

«Егер қылмыстық іс тергеуі барысында олардың тек жарнама жасаушы ғана емес, сондай-ақ қатысушы, көмекші немесе қылмыстық ұйымды құруға тікелей араласқан тұлға екені анықталса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», — деді Елемесов.

Еске сала кетейік, танымал блогер Just King31 (Нұрбек Нұртаза) Instagram желісінде заңсыз лотерея өткізгені үшін 1,18 млн теңге айыппұл төледі. Ол Алматыдағы үйлерді, ақша мен смартфондарды ұтысқа қойған.

Автокөлік ұтысы үшін осындай айыппұлды Ерболат-Эльмира Жанабыловтар да алған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз