Криптовалютадан пайда уәде еткен қаржы пирамидасына қарсы іс қозғалды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Amir Capital» атты қаржы пирамидасына қарсы іс қозғалды/ Фото: shuterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті «Amir Capital» атты қаржы пирамидасына қарсы тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу аясында сот санкциясымен құны 10 млн АҚШ долларынан асатын криптоактивтер мен Алматы облысындағы жер телімі тәркіленді. Сондай-ақ күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды.

Компания өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырып, үш жыл бойы Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан қаражат тартқан. Клиенттерге криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы айына 5–10% табыс уәде етілген.

Ай сайын 5–10% табыс береміз деп уәде етіп, салымдарды USDT, BTC және ETH секілді криптовалюталар арқылы арнайы Amir Wallet әмиянына қабылдаған. Ақша криптовалюта саудасына, майнингке және түрлі жобаларға салынады деп көрсетілгенімен, іс жүзінде жаңа қатысушылардан түскен қаражат бұрынғыларға пайыз төлеуге жұмсалған. Осылайша, шынайы табыс көзі болмай, жүйе қаржы пирамидасының қағидасымен жұмыс істеген.

2021 жылдың соңында салымшыларға жеке кабинеттерден қаражат шығару мүмкіндігі жабылды. Компания өкілдері мұны техникалық ақаулармен түсіндіріп, төлемдерді қалпына келтіруге уәде бергенімен, уәдесін орындамаған.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз