26 қыркүйекте Ақтау қаласы ауызсусыз қалады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«МАЭК» ЖШС қалада су беруді уақытша тоқтататынын хабарлады / фото: KursivMedia мұрағаты
«МАЭК» ЖШС 26 қыркүйекте қалаға су беруді уақытша тоқтататынын хабарлады / фото: KursivMedia мұрағаты

26 қыркүйекте Ақтау қаласы ауызсусыз қалады. «МАЭК» ЖШС қалаға су беруді уақытша тоқтататынын хабарлады.

Lada.kz ақпаратынша, сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін ЦУВС-2-де жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты ЦУВС-3-тен су беру тоқтатылады.

Энергокомбинаттың мәліметінше, бұл шектеу қаланың жоғарғы да, төменгі де аймақтарын қамтиды.

Тұрғындардан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарау сұралды.

Басылымның ақпаратына қарағанда, Ақтауда су жиі өшіріледі. Ақтаулықтар бұған бейімделуге тура келіп жүр.

Мұның алдында Алматыдан Ақтауға ұшқан ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болғаны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз