Ақордада ауыс-түйіс: президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаевтың пікірінше, Сауд Арабиясы – Қазақстанның араб әлемі мен Таяу Шығыстағы сенімді әрі басты серіктестерінің бірі / фото: Ақорда
Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларды қызметінен босатты / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент жарлығымен мына лауазымдарды атқарған тұлғалар қызметінен кеткен:

  • Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан;
  • Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босатылған.

Сондай-ақ президент екі адамды жаңа қызметке тағайындады. Президент өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев бұрынғы атқарған лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалған. Оның орнына Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов келді.

Қызметінен кеткендер қатарында Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев пен Президентінің көмекшісі Тамара Дүйсенова да бар.

Сондай-ақ оқыңыз