АЭС атауына арналған конкурсқа бір күнде 10 мың өтініш келіп түсті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша конкурсқа бір тәулікте Egov Mobile арқылы 9 945 ұсыныс келіп түсті. Бұл жайлы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Байқауға қатысу eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі: басты бетте «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннер орналастырылған.

Байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін:

  • – тілді таңдау (қазақ немесе орыс);
  • – атаудың өз нұсқасын ұсыну;
  • – қажет болған жағдайда оның мәнін қысқаша түсіндіру;
  • –  конкурстың ресми ережелерімен танысқанын растау қажет.

Ұсыныстар 2025 жылғы 10 қазанға дейін қабылданады. Конкурстың ережелерімен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады.

Ұйымдастырушылар еліміздің барлық азаматтарын энергетикасы тарихына үлес қосып, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау ұсынуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз