Джей Ло-ның суретін салған суретші Джеки Чанның бейнесін кілемге түсірді
Жарияланды

Дженифер Лопестің бейнесін кілемге салған әйгілі қазақстандық суретші Әсел Сабыржанова тағы бір туындысын таныстырды. Ол танымал актер Джеки Чанның да суретін кілемге түсірген.
Ол еңбегін Instagram-ға жариялады. Әселдің айтуынша, Salem Entertainment суретші мен Джеки Чанды кездестіруді жоспарлаған.
Еске салайық, бұған дейін ол Алматы мен Астанада концерт қойған Джей Лоның суретін кілемге бейнелеген. Оны тіпті әнші өз инстаграмында жариялады.
Ал жақында Қазақстанда әйгілі актер Джеки Чан қонақ болды. Режиссер әрі продюсер Рүстем Омаровтың сөзінше, ол жаңа жобаға қатысуы мүмкін.