Қостанай облысында жүк көлігі жанармай бекетіне соқтығысты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Оқиға орнынан сурет / Фото: ng.kz

Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде Shacman маркалы жүк көлігі автожанармай құю станциясына соғылды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Тобыл кентіндегі «Мұнай Өнімдері» желісіне тиесілі жанармай бекетінде болған деп жазады «Наша газета».

«НГ»-ға Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, бұл дерек бойынша тексеру жүргізіледі.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші автожанармай станциясымен соқтығысып қалған, – делінген ПД хабарламасында. – Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жүк көлігінің жүргізушісі тексеруден өтіп, оның мас еместігі анықталды. Полиция қосымша ақпаратты кейінірек беретінін мәлімдеді.



Сондай-ақ оқыңыз