Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі тағайындалды
Жарияланды

Жаслан Мәдиев жаңадан құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Еске сала кетсек, елде Жасанды интеллект министрлігі құрылатынын 8 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдауы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.
Жаңа министрліктің нақты қандай шаралармен айналысатыны жөнінде және қандай бағытта жұмыс жүргізетіні туралы KursivMedia басылымы арнайы маманнан сұрап білген болатын.