«QAITADAN» фильмі прокаттан үш аптада 1 млрд теңге касса жинаған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
«QAITADAN» фильмі прокаттан
«QAITADAN» фильмі прокаттан үш апта ішінде 1 млрд теңге жинаған / Фото: kinopoisk; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«QAITADAN» фильмі прокаттан үш апта ішінде 1 млрд теңге касса жинаған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

«Қазақстандық режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды фильмі «QAITADAN» үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокатта көш бастады. Фильм – кино өндірісіне жұмсалған мемлекет қаражатынан бес есе артық табыс тапқан алғашқы жоба», – делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, «QAITADAN» фильмі қыркүйекі айының басында прокатқа шыққан болатын. Бір апта ішінде кинотуынды касадан 400 млн теңге жинаған болатын.

Фильм көрерменді оқиға желісі, визуалымен баураған. Фильмнің терең драмалық мазмұны шынай сезімдерге негізделген. Туынды жауапкершілікке, бірлікке, достыққа, бауырмалдыққа үндейді.

Екінші аптадағы прокатында фильм 254 млн теңге касса жинады. Ал үш аптадағы табысы 1 млрд теңгеге жеткен. Солайша бұл фильм осы жылдың ең табысты, кассалық қазақ туындысына айналды.

Сондай-ақ оқыңыз