Алаяқтар пайдаланған «RAKS exchange» сервисінің 5,2 млрд теңгесі бұғатталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
«RAKS exchange» сервисі «Darknet» нарығымен байланысты қызметтерді жүзеге асырып келген / фото: shutterstock
«RAKS exchange» сервисі «Darknet» нарығымен байланысты қызметтерді жүзеге асырып келген / фото: shutterstock

Интернет алаяқтар «Darknet» нарығымен байланысты «RAKS exchange» сервисі арқылы заңсыз жолмен табылған қаражатты жылыстатып отырған. Бұл туралы Қаржылық мониторингі агенттігі хабарлады.

«Блокчейн арқылы криптотранзакцияларды бақылау барысында интернет-алаяқтық пен есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстатуға кәсіби қызмет көрсеткен «RAKS exchange» атты криптоайырбастау сервисі анықталды. Аталған сервис қылмыстық ортада жоғары беделге ие болған және 5 млн астам қолданушысы бар 20 ірі «Darknet» нарығымен жұмыс істеген», – делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік мәліметінше, бұл сервис арқылы ТМД елдеріндегі Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова елдерінің 200-ден астам есірткі дүкендері 3 жыл қатарынан заңсыз қаражат жылыстатып келген.

Жалпы бұл платформа арқылы 224 млн АҚШ долларынан астам қаражат жылыстатылған.

Агенттік тергеу нәтижесінде 4 000-нан астам криптовалюта әмияндарын тексеріп, оның ішінде қылмыстық кірістер сақталған әмияндарды анықтаған. Нақты айтқанда 67 криптоәмиян бұғатталып, оларда сақталып келген 5,2 млрд теңге болатын цифрлық активтер тоқталыған.

Ал «RAKS exchange» сервисінің жұмысы толығымен тоқтатылып, әлеуметтік желідегі аккаунттары толық жойылып, клиенттерге қызмет көрсетілмейтін болған. Осыған орай есірткі дүкендері аталмыш сервиске Darknet-тегі форумдардақаржылық міндеттемелерін орындамағанын айтып, шағым түсіріп жатқаны хабарланған.

Айта кетейік, алаяқтар 9 ай ішінде қазақстандықтардың 34 млрд теңгесін қолды қылған. Жалпы алданған халық санының артуына алаяқтардың алдау схемасының күн санап өзгеріп отыруымен байланысты. Қаскүнемдер уақыт өткен сайын халықты алдайтын жаңа схемалар ойлап тауып жатыр. Мәселен, алаяқтардан АҚШ пен Ресей көлік жүргізушілеріне жол ережесін бұзғаны туралы жалған хабарламалар келе бастаған. Бас прокуратура мұндай хабарламалар қазақстандық жүргізушілерге келуі мүмкін екенін алдын-ала ескертіп, сақ болуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз