Бас прокуратура 8 облыстың прокурорын ауыстырды
Жарияланды
(жаңартылды )

Бас прокуратурада бірқатар аумақтық прокурорлардың ротациясын жүргізгенін хабарлады.
Президенттің келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Ұласбекұлы Нұрбек, Маңғыстау облысының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Құшалиев Серікқали Жанбыбекұлы тағайындалған.
Сондай-ақ бірқатар аумақтық прокурорлардың ротациясы жүргізілген.
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры – Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы;
- Бас көлік прокуроры – Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы;
- Атырау облысының прокуроры – Басшыбаев Мадияр Бекенұлы;
- Жамбыл облысының прокуроры – Әбілов Берік Рақатұлы;
- Жетісу облысының прокуроры – Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы;
- Қостанай облысының прокуроры – Сексембаев Марат Исламханұлы;
- Павлодар облысының прокуроры – Байшолақов Алмат Мұратұлы;
- Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы.
Бұған дейін, президент өкімімен Жандос Өмірәлиев Бас Прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалған.