Кондитер Нұршат Ақбергенова өкілі қандай жағдайда блогермен бітімге келетінін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Нұршат Ақбергенова блогер Аселина Батырмен қандай жағдайда бітімге келетінін айтты/коллаж kursiv.media

Алматылық кондитер Нұршат Ақбергенованың блогер Аселина Батырдың үстінен жазған талап арызы бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр. Азаматтық іс Астанада қаралып жатыр.

Алдын ала сот тыңдауына талап арыз беруші онлайн қатысып отыр. Ал жауапкердің өзі процеске қатысып жатқан жоқ, орнына онлайн форматта екі өкілі қатысты.

Сот процесінде кондитер Нұршат Ақбергенованың өкілі талап арыз берушінің жауапкермен бейбіт келісімге келуге қарсы емес екенін мәлімдеді.

«Жауапкер талап арыз беруші қойған талаптарды, яғни міндеттемелерді орындаған жағдайда бітімге келуге дайынбыз. Бұл талаптарға мыналар кіреді: 500 000 теңге сомасында қалған төлемді өтеу және менің сенім білдірушімнің беделіне зиян келтірген мәлімдемені бұқаралық ақпарат құралдарында теріске шығару. Осылар орындалған жағдайда біз мен көрсетіп отырған заңгерлік көмек үшін өтемақы өндіруден бас тартамыз. Бұл жауапкер үшін де тиімді деп ойлаймын», – деді талап арыз берушінің өкілі.

Бұған дейін құрақ көрпе тігуші кәсіпкер, блогер Аселина Батыр мен кондитер Нұршат Ақбергенова арасында дау туды. Аселина 6 қабаттан тұратын торттың бағасын 300 мың теңгеге бағалаған. Кондитер толық ақысын яғни 600 мың теңгені төлеуді талап еткен.

Сондай-ақ оқыңыз