YouTube Трамптың аккаунтын бұғаттағаны үшін 25 млн доллар төлейді

YouTube платформасы АҚШ президенті Дональд Трамппен арадағы сот дауын реттеу үшін 24,5 млн доллар төлеуге келісті. Бұл туралы Deutsche Welle жазады.
Келісімшарт талаптарына сәйкес, қаражаттың негізгі бөлігі, 22 млн доллар, Ақ үйдегі Trust for the National Mall қорына жіберіледі. Ал қалған 2,5 млн доллар талап-арыз берушілер арасында бөлінеді.
Трамптың аккаунты неге бұғатталды?
Трамп пен әлеуметтік желі арасындағы дау 2021 жылы басталды. Сол кезде Вашингтонда Трамптың жақтастары шеруге шығып, Капитолийге басып кірді. Президенттің Facebook, Instagram, YouTube және Twitter аккаунттары бұғатталды. Платформа басшылығы мұны Трамптың мәлімдемелері арандатты деп түсіндірген.
Президент әкімшілігі Meta Platforms-қа қарсы арыз тастады. Жағдайды сотқа дейін реттеу үшін Трамптың Facebook аккаунтына қатысты істі реттеу үшін 25 млн доллар төлеуге, ал X (Twitter) компаниясы – 10 млн доллар төлеуге келіскен. Енді YouTube басшылығы да 25 млн доллар төлеуге келісіп отыр.
Дональд Трамп аудиториясымен байланыс үшін әлеуметтік желіні жақсы пайдаланады. Оның youtube-тағы арнасында 3 млн-нан аса, Instagram-дағы аккаунтында 16 млн жазылушы бар.
Енді Трамптың қатысуымен TikTok-ты америкалық компанияға айналады. 25 қыркүйекте қол қойған құжатқа сәйкес, әлеуметтік желінің 80% акциясы америкалық корпорациялардың бақылауына өтеді, 20%-ы қытайлық ByteDance-те қалады.