«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Алматыда тегін автобус пен метро уақыты ұзартылады
Жарияланды

Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы футбол матчының жанкүйерлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында қалада қосымша қоғамдық көлік қызметі іске қосылады.
60 тегін автобус
Орталық стадионнан қаладағы негізгі бағыттарға дейін барлығы 60 тегін автобус қатынайды. Автобустар 6 бағыт бойынша жүреді:
- А1 – Орталық стадион → «Алматы Арена» (Абай даңғылы, батыс бағыт);
- А2 – Орталық стадион → Райымбек/Алатау (Абай даңғылы, батыс бағыт);
- А3 – Орталық стадион → «Алматы-1» теміржол вокзалы (Байтұрсынов көшесі, солтүстік бағыт);
- А4 – Орталық стадион → Орбита шағынауданы (Байтұрсынов көшесі, оңтүстік бағыт);
- А5 – Орталық стадион → Жұлдыз шағынауданы (Абай даңғылы, шығыс бағыт);
- А6 – Орталық стадион → әуежай (Абай даңғылы, шығыс бағыт).
Метроның жұмысы ұзартылды
Жанкүйерлер ағынын ескере отырып, Алматы метросының жұмысы да түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзартылды.
Матч алдында сағат 16:00 ден бастап Орталық стадион маңында көшелер жабылады.