Азия даму банкі Қазақстан экономикасына қатысты болжамын қайта қарады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Азия даму банкі (АДБ) Қазақстанның экономикалық өсу болжамын қайта қарап, 2025 жылға 5,3% және 2026 жылға 4,3% деңгейінде белгіледі. Бұл сәуір айындағы 4,9% және 4,1% болжамдарынан жоғары.

Қаржы ұйымының болжамын қайта қарауына үкіметтің инфрақұрылымға инвестиция салуын жалғастыру және пайдалы қазбалар өндірісінің артуы себеп болған.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан ЖІӨ өсімі жылдық есепте соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш – 6,2% жетті. Бұл құрылыс, өндіріс, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығындағы белсенділіктің артуымен түсіндіріледі.

Инфляция болжамдары да көтерілді: коммуналдық қызметтер бағасының өсуі мен теңгенің әлсіреуіне байланысты орташа инфляция 2025 жылы 10,5%, ал 2026 жылы 8,4% деңгейінде күтілуде. Өсім қарқынына қарамастан, импорт көлемі экспорттан асып түсіп, ағымдағы шот тапшылығы сақталады.

АДБ бағалауынша, салық түсімдерінің өсуі бюджет тапшылығын біртіндеп қысқартады.

Бұған дейін Bank of America Қазақстан экономикасы қарқынды өсіп жатқанын, бірақ инфляция әлі де басты мәселе екенін жазған.

Сондай-ақ оқыңыз