Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкер міндетін атқарады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Талғат Бaйсуфинов ұлттық құрама бас бапкері атанды / фото: ҚФФ

Белгілі қазақстандық маман Талғат Маруаұлы Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болып бекітілді.

Байсуфинов командамен бірге 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін екі ойында жұмыс істейді:

  • 10 қазан – Қазақстан – Лихтенштейн,
  • 13 қазан – Қазақстан – Солтүстік Македония.

Талғат Байсуфинов бұған дейін ұлттық құраманы екі мәрте басқарған: 2016–2017 жылдары, 2020–2022 жылдары.

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Байсуфиновтың мол тәжірибесіне сенім білдіріп, алдағы маңызды матчтарда табыс тіледі. Сонымен қатар, ҚФФ ұлттық құраманың тұрақты бас бапкерін тағайындау бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі таңда үш шетелдік маман үміткерлер қатарында бар.

Сондай-ақ оқыңыз