Кондитердің өкілі: Аселинаның күйеуінің дипломат екенін айту – сотқа жасалған қысым

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Торттың қалған құны ретінде 500 мың теңге өндіруді сұрап отыр/коллаж kursiv.media

Астанадағы сотта 600 мың теңгенің тортына тапсырыс берген блогер Аселина Батырдың күйеуі дипломат екені айтылды. Соған сүйеніп блогердің өкілдері сот процесін жабық форматта өткізуді сұрады.

Азаматтық істі қарап жатқан судья Гүлзада Рашқалиева процестің ашық өтетінін айтты.

Жауапкердің өкілдері алдын ала сот тыңдауы барысында Аселина Батырдың күйеуінің дипломат екенін бірнеше рет айтып өтті. Сондай-ақ блогердің Қазақстанда тұрмайтынын жеткізді.

Процестен кейін БАҚ өкілдері талап арыз беруші кондитер Нұршат Ақбергенованың өкілі Аржан Сәдуақастан «сотта жауапкер өкілінің қайта-қайта Аселина Батырдың дипломаттың әйелі екенін айтуын сотқа көрсетіліп жатқан қысым деп санамай ма?» деп сұрады.

«Солай қабылдауға болады. Аселинаның күйеуі кім екенін білген жоқпыз, сот барысында білдік. Ол кісінің Қазақстанға келмейтінін де енді біліп отырмыз. Күйеуінің кім екенін білмейміз, ол кісінің қызметімен байланыстыру ниетіміз де жоқ. Бұл жерде азаматтық-құқықтық қатынас бар, адамдар өз құқығын қорғау мақсатында сотта дауласып жатыр. Күйеуіне келіп-кетер әсері жоқ», – дейді Сәдуақас.

Айта кетейік, Астана 600 мың теңге тұратын тортқа қатысты азаматтық іс қаралып жатыр.  Ақбергенова блогер Аселина Батырдан моральдық шығын ретінде 3 млн теңге өндіргісі келеді

Сондай-ақ оқыңыз