«Реал Мадрид» Сәкен Сейфуллиннің әнінің фонында Алматы туралы видео жариялады

Чемпиондар лигасының топтың кезеңі аясында Алматыға келген «Реал Мадрид» клубы instagram парақшасынына Алматының видеосын жариялады.
Видео «Желтоқсан оқиғасына» арналған ескерткіш көрінісінен басталып, биіктен түсірілген, Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні орындалған кадрларымен жалғасады. Видеода сондай-ақ Республика алаңындағы Тәуелсіздік манументі, 28 панфиловшылар паркіндегі Вознесенский саборы да көрсетілген. «Тау ішінде» роликті ақырына дейін сүйемелдейді.
Ал видео сипаттамасында «Алматыға қош келдіңіз» деп жазылған.
Аз уақытта бірнеше миллион қаралым жинап үлгерген видеоға пікір қарша борап жатыр. Дені корольдік клубқа деген ризашылыққа толы.
Бұған дейін, «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы үшін Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік турист келгенін жазғанбыз.