Шатдаун: АҚШ үкіметінің жұмысы уақытша тоқтады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
АҚШ үкіметі жұмысын уақытша тоқтатты / фото: shutterstock
АҚШ үкіметі жұмысын уақытша тоқтатты / фото: shutterstock

1 қазанда Астана уақытымен сағат 09:00-де АҚШ федералдық үкіметі жұмысын уақытша тоқтатты. Себебі Конгресс жаңа қаржы жылына арналған бюджетті қабылдап үлгермеді. Құрама Штаттарда кейінгі алты жылда алғаш рет шатдаун болып отыр.

Жаңа бюджет қабылданғанша, мемлекеттік мекемелерге ақша жұмсауға тыйым салынған. Соған байланысты олардың көбісін ақысыз демалысқа жіберіп жатыр. Дәрігерлер, шекарашылар, әскерилер, көлік қызметкерлері және басқа да маңызды мекемелер ғана жұмыс істей береді. Бірақ оларға жалақы төленбейді.

Мәліметтерге қарағанда, қазіргі заман тарихында Құрама Штаттарда 21 мәрте шатдаун болған. Ең ұзағы Дональд Трамп ел басқарып тұрған уақытқа – 2018 жылғы 22 желтоқсан мен 2019 жылғы 25 қаңтар аралығына сәйкес келген. Сол кезде ақысыз демалысқа шыққан шенеуніктер азық-түлік көмегін алуға мәжбүр болса, ақысыз істегендері денсаулығына байланысты үзіліске шығуды жиілеткен. Жеті жыл бұрынғы шатдаун АҚШ экономикасына 3 млрд доллар шығын әкелген.

CNN мәліметінше, демократтар үкімет жұмысы Трампқа байланысты тоқтаты деп есептейді.

«Бір айға созылған қиындыққа қарамастан, Дональд Трамп пен республикашылдар енді федералдық үкіметті жапты. Өйткені олар америка халқының денсаулығын күткісі келмейді», – деп сынады Хаким Джеффрис пен Чак Шумер бірлескен мәлімдемесінде.

Телеарна жүздеген мың қызметкер ақысыз демалысқа шығуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз