«Қайрат» – «Реал» ойыны кезінде трансляция істемей қалды: министрлік себебін атады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Қазақстан» РТРК сервері 500 мың пайдаланушыны ғана көтереді/фото: kursiv.media

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде «Қайрат – Реал Мадрид» матчы кезіндегі онлайн-трансляция сапасына шағымданып жатыр. Бұл жағдайға қатысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жауап берді.

Министрліктің хабарлауынша, сағат 21:30-да «Қазақстан» РТРК платформасында пайдаланушы саны тым көп болған.

«Пайдаланушы саны көп болуына байланысты ақау шыққан. Qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары, сондай-ақ BeeTV, TV+ және басқа да қосымшалар істемей қалды», – деп мәлімдеді министрлік.

Сол кезде эфирлік, спутниктік және кабельдік тарату қалыпты режимде жұмыс істегенін айтады.

«Онлайн-платформадағы ақау «Қазтелерадио» мен байланыс операторларының шектес сервистерінде де жүктеменің артуына әкелді. РТРК онлайн-платформасына қосылғандар саны шекті 500 мың пайдаланушыдан асып түсті», – деп мәлімдеді министрлік.

«Қазақстан» РТРК сервер қуатын арттыру және сервистің тұрақты жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз