Шерхан Қалмырза тағы да УЕФА таңдаған үздік қақпашылар қатарында

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
«Қайраттың» ең жас қақпашысы Шерхан Қалмырза / Фото: Reuters

УЕФА Чемпиондар лигасының ресми аккаунтында топтық кезеңнің екінші турындағы үздік төрт қақпашыны таңдады. Олардың қатарында «Қайраттың» ең жас қақпашысы Шерхан Қалмырза да бар.

УЕФА Мбаппенің соққысын қайтарған Шерханның сейвін үздік деп тапқан. Одан бөлек тізімге Угурджан Чакыр («Галатасарай»), Роберт Санчес («Челси») және Витезслав Ярош («Аякс») енді.

Шерхан қатарынан екінші рет Чемпиондар лигасының үздік қақпашылары қатарына кірді. Бұған дейін «Спортингке» қарсы өткен матчта жеңіліп қалғанына қарамастан, УЕФА қазақстандық қақпашының ойынын ерекше атап өткен еді.

Алматыда өткен тарихи матчта «Қайрат» «Реал Мадридтен» 0:5 болып ойсырай жеңілді. Бірақ соған қарамастан қалың көпшілік жас қақпашының ойынына тәні болып, мақтауын аяған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз