Жасанды интеллект мемлекеттік қызметшілерді алмастыра ала ма

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жасанды интеллект мемлекеттік қызметшілердің орнын баспайтынын айтады.
Оның сөзінше, жасанды интеллект сараптауды қажет ететін қызметті алмастыра алады.
«Осы операциялардан бөлек ЖИ қосымша жұмыс орындарын және қосымша қажеттілікті де туындатады. Мысалы, білікті салалық агентті «үйрету» үшін ол агентпен жұмыс істейтін он шақты маман болуы керек. Олар өз біліктілігін пайдаланып, оны қайта оқытып, кейін ол белгілі бір процесті өздігінен орындай алатын дәрежеге жетеді. Демек осы адам еңбегі бәрібір сұраныста болады. Сондықтан функциялар жойылмайды, жұмыс орындары қысқармайды, оның орнына функциялар қайта бөлінеді. Яғни, адамның күнделікті тапсырмаларға емес, шығармашылыққа, біліктілікті қажет ететін тапсырмаларға көбірек уақыты болады», – дейді Смышляева.
Депутат білім беру жүйесінде азамат менторлық бағытқа ден қоятынын айтады. Ал күнделікті істерді автоматтандырылған көмекшілер орындайды.
«Еңбек нарығы тек функционалды түрде қайта құрылады. Ал «жұмысшылардың 50%-ын қысқартып, олардың орнына жасанды интеллект жұмыс істейді» деу – хайп. Жасанды интеллект ешқандай жұмысқа тұра алмайды», – деді депутат.
Алайда белгілі бір жұмыс орындары шартты түрде 50, 30, 80 немесе 90 пайызға дейін автоматтандырылып, жасанды интеллект функциялары қамтылуы мүмкін.
«Алайда жауапкершілік бәрібір адамға жүктеледі. Сондықтан «қазір бәрі қысқарады» деген иллюзияға сенудің қажеті жоқ», – деп түйіндеді ол.