Шерхан Қалмырзаның бала күнгі фотосы жария болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шерхан Қалмұрзаны анасы Сауле Рабаева бала күнінен футболды жақсы көруге баулыған / фото: Instagram
Шерхан Қалмырзаны анасы Сауле Рабаева бала күнінен футболды жақсы көруге баулыған / фото: Instagram

Шерхан Қалмырзаның бала күнгі фотосы жария болды. Онда анасымен бірге Астана-Вильяреал матчын тамашалаған сәті бейнелеген.

Анасы Сауле Рабаева Шерханды бала күнінен футболды жақсы көруге баулығаны осы суреттен көрінеді. Қазақстандықтар атақты жас қақпашыны осындай жетістікке жеткізген анасы екенін айтып, алғыс білдіріп жатыр.

«Ерінбей сол кезде балаға көңіл бөліп, футболға апарып жүрген», «Керемет көрніс! Анасына Алла разы болсын», «Әр баланың осындай жетістіктерге жетуіне аналар деген өз жанын беруге дайын», – деп жазып жатыр оқырмандары.

Айта кететіп жайт, «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы Сауле Рабаева қазір көпшілікке танымал болып үлгерді. Ол бұрын ұлының Самат Смақовтың қызы Самирамен қарым-қатынасы туралы айтқан болатын.

18 жастағы Шерхан Қалмырза көпшіліктің назарын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Спортинг» — «Қайрат» матчы кезінде аудартты. Реал Мадридке қарсы ойында да өнерімен қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды.

Сондай-ақ оқыңыз