2026 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына кімдер кіреді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Канада мен Мексика Трамп шешіміне жауап ретінде АҚШ тауарларына баж салығын енгізе бастады
Фото: .kursiv.media

Жаңа Салық көдексіне сәйкес, 2026 жылдан Қазақстанда тек 3 салық режимі қалады. Соның бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық режимі. Келер жылдан кейбір шағын кәсіпкерлер осы режимге өте алады.

Үкімет «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілетін қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасын әзірлеген. Құжатқа сәйкес, келер жылдан 46 кәсіп түрімен айналысатын азаматтар осы арнайы салық режимін (АСР) пайдалана алады.

Қандай қызмет түрлерін қамтиды?

Тізімге күнделікті тұрмыста сұранысқа ие қызмет пен шағын кәсіп иелері жиі атқаратын қызмет түрлері енген.

Оған құрылыс пен жөндеу жұмыстары: сылақ, ағаш шеберлігі, еден жабу, сырлау, тұрмыстық техника, жиһаз, компьютер, сағат пен зергерлік бұйым жөндеумен айналысатындар кірген. Сондай-ақ көлік саласында такси жүргізу, жүк тасымалдау, жеңіл және жүк көліктерін жалға беретіндер де өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына жатады.

Жалға беру және мүлікті басқару бағытында жалға беру, ауыл шаруашылығы техникасын, кеңсе жабдықтарын және спорт құралдарын жалға беретіндер де осы тізімге енген.

Клининг, кір жуу, шаштараз бен сұлулық салондарының жұмысы және түрлі тұрмыстық заттарды жөндеумен айналысатындар да осы арнайы салық режимін қолдана алады.

Шығармашылық пен мәдениет саласындағы суретшілер мен жазушылардың еңбегі, фотосурет қызметі, музыкалық аспап жасау және жөндеу де аталмыз тізімде, Бұдан бөлек, спорт, мәдениет және қосымша білім беру салаларындағы қызметтер де жаңа режим аясында жүзеге асады. Сонымен қатар ветеринарлық қызмет, аударма ісі және үй жұмыскерлері де өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарына енбек.

Жалпы алғанда, тізімге 46 бағыт енгізілген.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қандай салық төлейді?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Бұған дейін ашылған ЖК болса, оны жыл соңына дейін жауып тастаған жөн.

Олар табыс салығынан толық босатылады, тек табысының 4%-ын әлеуметтік төлемдер ретінде аударады.

Бүкіл салықты арнайы мобильді қосымша арқылы төлеуге болады. Ал интернет-платформалардан табыс тапқан жағдайда төлемдерді ұстау мен аударуды платформа операторларының өздері жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыз