Берденовтің ісіне қатысты апелляциялық шағымның қашан қаралатыны белгілі болды

Жарияланды
Руслан Берденов соты
Берденов ісі: апелляциялық шағым қашан қаралады? / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке 5 рет оқ атып, жаралаған Ернар Жиембайға қатысты үкімге келіспей, екі тарап та апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметі Kursiv.Media-ға іс 8 қазан күні сағат 12:00-де қаралатынын мәлім етті.

Сот кабинеті жүйесіндегі мәліметке қарағанда, аталған қылмыстық іс бойынша 2-қыркүйектен 11-қыркүйек аралығында 5 апелляциялық шағым тіркелген. Бірақ оны кімдер неге түсіргені туралы ақпарат жарияланбаған. Қалалық соттың баспасөз қызметі қаралмаған іс бойынша мәлімет берілмейтінін жеткізді.

Айта кетейік, 21 сәуір күні қала әкімдігі ғимаратының маңында қалалық тұрғын үй басқармасына қарасты «Тұрғын үй құрылыс» ЖШС-ның бұрынғы басшысы 31 жастағы Ернар Жиембай қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып жаралаған еді. 4 айдан соң, сот оны «Адам өлтіру» бабымен кінәлі деп танып, 9 жылға түрмеге жапқан. Көп өтпей Берденов өз еркімен қала әкімі орынбасары қызметінен кеткен. Ол бұл қызметке ақпан айында келген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз