2026 жылы Қазақстан мен Латвия арасында тікелей рейс ашылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SCAT Airlines 2026 жылы көктемде Латвияға ұша бастайды/фото: charterom.com

SCAT Airlines 2026 жылы көктемде Латвияға ұша бастайды. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.

Бұл туралы Қазақстан – Латвия бизнес-форумында айтылды.

«Қазақстаннан жүктерді Латвияның Рига, Вентспилс және Лиепа порттары арқылы транзитпен экспорттау Орталық Азия мен Еуропа арасындағы логистикалық желіде шешуші рөл атқарады. Әуе қатынасын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды», – делінген ақпаратта.

Бұл жолаушылар тасымалын жеңілдетіп, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, SCAT әуекомпаниясы Астанадан Сербия астанасы Белградқа тікелей рейстерін ашады. Ресми ақпаратқа сәйкес, рейс 2025 жылдың 3 қарашасынан бастап ашылады.

Астана-Белград-Астана рейстері дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Сондай-ақ оқыңыз