«Самұрық-Энерго» «Бұқтырма» станциясына иелік етпейді

Жарияланды
«Самұрық-Энерго» «Бұқтырма» станциясына иелік етпейді /bges.kz, бильд-редактор: Милош Муратовский

«Самұрық-Энерго» өз портфелінен «Бұқтырма гидроэлектростанциясы» компаниясының 96,32% акциясын шығарып тастады. Бұл туралы энергетикалық холдинг Қазақстан қор биржасында (KASE) хабарлады.

Оқиға 2025 жылдың 26 қыркүйегінде орын алған. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорының еншілес компаниясы «Бұқтырма гидроэлектростанциясының» 15 млн жай акциясына (96,32%) және 3,7% ерекше акцияларына иелік еткен.

«Самұрық-Энерго» Kursiv.Media-ға берген ақпаратқа сүйенсек, Бұқтырма станциясы іс жүзінде компанияның меншігінде қалған. Алайда холдингтің еншілес құрылымы — Qazaq Green Power PLC-ге берілгені туралы хабарлады.

Ақпан айында » Самұрық-Энерго» «АЭС Шүлбі ГЭС» компаниясының 100% үлесіне иелік етуін тоқтатып, оны да Qazaq Green Power-ге берген.

Айта кетейік, «Бұқтырма ГЭС»–нің белгіленген қуаты 675 МВт, орташа жылдық өндіру күші – 2,77 млрд кВт/сағ. Станция қуаты бойынша Шүлбі ГЭС-тен кейінгі екінші орында. Ол өңірдің тау-кен өндіру және металлургия кәсіпорындарын энергиямен, сондай-ақ, Қазақстанның энергия жүйесіндегі ең жоғары жүктемелерді жабумен қамтамасыз етеді.

Қыркүйек айында «Бұқтырма гидроэлектростанциясы» осы жылдың қаңтар-маусым айларында «Самұрық-Энерго» дивидендтері ретінде алынған барлық 56,36 млрд теңге табысты төлейтіні белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз