Бибігүл Төлегенова атындағы конкурста ресейлік орындаушы жеңіске жетті

Жарияланды 2 Қазан 2025 20:02

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

Шеф-редактор a.tolendi@kursiv.media
Бибігүл Төлегенова атындағы конкурста ресейлік орындаушы жеңіске жетті / Фото: Жамбыл атындағы филармония

Алматыда Бибігүл Төлегенова атындағы XIII Халықаралық вокалистер  конкурсының жеңімпаздары анықталып, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында марапатталды.

Марапатқа ие болу үшін Қазақстан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, сондай-ақ Италияда жұмыс істейтін Украина мен Қазақстанның жас таланттары бақ сынады. 52 орындаушының ішінен ақтық кезеңге 17 қатысушы өтті. Бибігүл Төлегеновның өзі бастаған қазылар алқасы үздіктерді таңдады.

Биылғы жылдың бас жүлдесі (Гран-при) мен 5 400 000 теңге сыйақыны Мәскеуден келген Софья Сакания иеленді. Ол Бақытжан Байқадамұлының «Сүйген сәулем» әнін әсерлі орындаған.

«Мұндай ауқымды байқауда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Шыны керек, жеңімпаз атанамын деп ойлаған жоқпын. Өйткені, бәсеке өте жоғары болды. Бұл конкрусқа катысудың өзі мен үшін үлкен сынақ әрі ынталандыру болды. Бибігүл Ахметқызы – аңыз адам. Оны тірідей көру мен үшін үлкен бақыт. Әрине, бұл орасан зор тәжірибе, оркестрмен жұмыс, жаңа эмоция, күтпеген тосынсый… Бұл байқау маған үлкен мектеп болды», – деді Софья Сакания.

Конкурс лауреаттары

І орын (2 700 000):

  • Алихан Бейсеков (Алматы)
  • Екатерина Свиридова (Мәскеу)
  • Мунхтувшин Хоролгорав (Ұлан-Батыр)

ІІ орын (1 500 000):

  • Бекулан Ерболатұлы (Астана)
  • Дильназ Омарханова (Астана)
  • Севастьян Мартынюк (Красноярск)

ІІІ орын (1 200 000):

  • Жандарбек Еркінбаев (Алматы)
  • Хадича Имамназарова (Ташкент)

Дипломанттар

  • Әбдрейім Әзиза (Алматы)
  • Богдан Шевченко (Атырау)
  • Аружан Жалғасова (Алматы)
  • Аружан Тоқтаған (Алматы)
  • Аружан Алпысбаева (Алматы)
  • Атахан Айбек уулу (Бішкек)
  • Хурсандбек Атамуратов (Нукус)
  • Алексей Юрковский (Санкт-Петербург)

Арнайы сыйлықтар

  • Қазақстан композиторларының Бибігүл Төлегенова репертуарындағы шығармасын үздік орындағаны үшін: Софья Сакания (Мәскеу), Алексей Юрковский (Санкт-Петербург)
  • Қатысушы елдің халық әнін үздік орындағаны үшін: Мунхтувшин Хоролгорав (Моңғолия)
  • Үздік концертмейстер: Лариса Шалабаева, Марина Алтухова

Финалдық турға қатысып, бірақ лауреат атағын алмаған әрбір қатысушы дипломмен, дипломант атағымен және 350 000 теңге көлеміндегі көтермелеу сыйақысымен марапатталды. 

Сондай-ақ оқыңыз