ҚМГ Қарашығанақта қазақстандық топ-менеджерлер үлесін арттыруды сұрайды

Қарашығанақ кен орнын өңдейтін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) оператор компаниясында қазақстандық топ-менеджерлер үлесі артуы керек. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен «Eni SpA» компаниясының директоры Лука Виньятимен кездесуінде айтылды.
ҚПО-ның жергілікті кадрларды арттыру туралы 2026-2030 жылдарға арналған жоспары бар. Асхат Хасенов сол жоспар аясында топ-менеджерлер қатарында қазақстандық мамандар үлесін ұлғаюы керек екенін атап өтті.
Одан бөлек екі тарап Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында қуаты 50 МВт күн электр стансасы (КЭС) сәтті пайдалануға берілгенін атап өтті. Іске қосылған нысан жалпы қуаты 247 МВт болатын гибридті электр стансасының құрылысы жобасының алғашқы кезеңі болды. Жаңа КЭС шамамен 80 гектар жерді алып жатқан 80 000 күн панелінен тұрады және жылына 86 млн кВт•сағ таза энергия өндіреді.
Асхат Хасенов енді жел және газ электр стансаларының құрылысы белгіленген мерзімде басталуы керек екенін де атап өтті. Ол екі нысан 2026 жылға жоспарланған.
Айта кету керек, осыған дейін ел үкіметі мен Eni арасында газ өңдеу жобасына қатысты келіспеушіліктер болған. Астананың ол жобаға көңілі толмағандықтан «ҚазМұнайГазға» қайтаруын талап еткен.