e-Sport цифрлық платформасы іске қосылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Весь спорт в Казахстане перейдет в онлайн через e-Sport
e-Sport цифрлық платформасы іске қосылды / фото: shutterstock

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін енгізу жұмыстарын бастады. Жаңа жүйе спортшылар, жарыстар және спорт нысандары туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет етпек.

Платформаның негізгі міндеттері:

  • спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілер мен әдіскерлердің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру;
  • спорттық біліктілікті және спорт ұйымдарына мүшелікті электрондық форматта растау;
  • спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электрондық күнтізбесін жүргізу;
  • спорт нысандарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру;
  • мемлекеттік қызметтерді проактивті цифрлық форматқа көшіру.

Қазіргі уақытта жүйе пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Оның аясында спортшы, жаттықтырушы және төрешілердің электрондық паспорттары, іс-шаралар күнтізбесі, сондай-ақ спорт ғимараттары тізілімдері іске қосылды.

Бүгінде e-Sport платформасында 83 федерация мен 50-ден астам ұйым тіркеліп, мәліметтер базасы толтырылуда. Жүйені тестілеу жұмыстары спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілуде.

Спорттық атақтар тәртібі өзгеріссіз қалады

Министрлік спорттық атақтар беру ережесінің өзгермейтінін де атап өтті. 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрықпен бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі. Бұл құжат спорттық атақтардың жарамдылығын растайды және куәлік жоғалған жағдайда оны қалпына келтіруге негіз болады.

Куәлікті қайта алу үшін азаматтар Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жазбаша өтініш беруі қажет.

Сондай-ақ оқыңыз