Давид Луис: «Кайратқа қарсы ойын қиын болмақ»

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Давид Луис, «Пафос», «Кайрат», Лига чемпионов
Давид Луис: «Кайратқа қарсы ойын қиын болмақ» / фото: IMAGO/Eibner via Reuters Connect

Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының үшінші тур аясында «Қайрат» кипрлік «Пафосқа» қарсы алаңға шығады. Қарсылас команданың қорғаушысы, әйгілі бразилиялық футболшы Давид Луис алдағы ойын туралы пікір білдірді.

«Қайрат – мықты команда. Сондықтан Чемпиондар лигасында ойнап жүр. Бізді қиын матч күтіп тұр», – деді 38 жастағы қорғаушы «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында.

Кипрлік клуб Алматыға жету үшін бес мың шақырымдық жолды еңсеруі керек. Алайда Луис мұны қиындық деп есептемейді.

«Мұндай ұзақ ұшуға дайынмын. Қашықтық үлкен екенін білемін, бірақ Бразилия бұдан да алыс», – деп әзілдеді Луис.

Давид Луистің мансабы

Тәжірибелі қорғаушы биыл жазда «Пафосқа» қосылды. Бұған дейін төрт жыл Бразилияда ойнаған. Әлемдік футбол жанкүйерлеріне Луис «Бенфика», «Челси», «ПСЖ» және «Арсенал» клубтарындағы өнерімен жақсы таныс. Португалия, Англия және Франция чемпионаттарында жеңімпаз атанған. Сонымен қатар, «Челсимен» бірге Чемпиондар лигасын (2012) және екі рет Еуропа лигасын (2013, 2019) жеңіп алған.

Бразилия құрамасы сапында Луис 2010 жылы дебют жасап, соңғы ойынын 2017 жылы өткізді. Ұлттық құрамамен бірге ол 2014 жылғы әлем чемпионатында 4-орын иеленген. Барлығы 57 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, чемпиондар лигасының үшінші турындағы «Қайрат» – «Пафос» кездесуі 21 қазанда Алматыда өтеді.

Бұған дейінгі ойындарда «Қайрат» «Спортингтен» және «Реалдан» ірі есеппен ұтылса, «Пафос» «Олимпиакоспен» тең түсіп, «Бавариядан» ойсырай жеңілген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз