Павлодар маңында камаз жүргізушісі төңкерілген көлігінің ішінде қайтыс болды

Жарияланды
Павлодар маңында камаз жүргізушісі төңкерілген көлігінің ішінде қайтыс болды / Павлодар облыстық ТЖД

Павлодар облысындағы Успенка-Достық тас жолында Камаз аударылып, нәтижесінде ер адам қаза тапты. Апат Ольгинка ауылының маңында болды.

Аймақтың ТЖД мәліметі бойынша, көлік аударылып, жүргізуші кабинада қалып қойған.

«Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен ер адамды шығарып алды. Алайда оның тыныс тқтаған екен. Оның денесі полицияға берілді», – деп хабарлады ТЖД.

Ведомство мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Айта кетейік, осыған дейін бір түнде 15 адам жол апатынан қайтыс болғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз