Алматының Наурызбай ауданындағы тұрғын үйлерде үш күннен бері суық су жоқ

Жарияланды
Алматының Наурызбай ауданындағы тұрғын үйлерде үш күннен бері суық су жоқ / фото: shutterstock

Алматы қаласының Наурызбай батыр ауданындағы бірнеше тұрғын үйде үш күннен бері суық су жоқ. Бұл туралы Kursiv.Media редакциясына тұрғындар хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, тұрғындар үшінші күн қатарынан үйлерінде ыстық су ғана ағып тұрғанын айтады. Олар қазір ыстық суды суытып қолдануға мәжбүр. Тұрғын үйлердегі су желісіне жауап беретін мердігер аймаққа цистерналар әкеліп орнатқан.

«340/35 үйінің 11 және 6 корпустарының арасында су таситын автоцистерна қойылды.
Қажетті мөлшерде суды алдын ала алып қоюларыңызды сұраймыз», – делінген басқарушы компанияның хабарламасында.

Тұрғын үйлердің алдына орнатылып жатқан цистерналар

Тұрғындардың айтуынша, суық тоқтағаннан кейін кәріз жүйесі де дұрыс жұмыс істемей, тұрғын үйде дәрет иісі шыға бастаған.

«Біз суды артық қолдансақ, ақшасын төлейміз. Ал мына жағдайда кім жауапты? Судың болмағаны үшін шығын өтеле ме?» – деп сұрауда тұрғындар.

Сондай-ақ оқыңыз