Алматыда шекара қызметіндегі қатардағы жауынгер қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
военнослужащий
Қатардағы жауынгер менингококцемиядан қайтыс болған болуы мүмкін/фото: shutterstock

Алматыда ҰҚК шекара қызметінің қатардағы жауынгері қайтыс болды. Ресми ақпаратқа сәйкес, әскери қызметші 5 қазанда Алматы облысында медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде қайтыс болған.

«Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі – менингококцемия», – делінген ақпаратта.

Осы факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.

Менингококцемия – менингококк бактериясы (Neisseria meningitidis) қанға түсіп, организмге тарайтын жұқпалы ауру.

Сондай-ақ оқыңыз