Жер сілкінісінен кейін оңтүстік өңірлерде жедел штаб құрылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оңтүстік өңірлерде жедел штаб құрылды/фото: shutterstock

Еліміздің оңтүстігінде болған жер сілкінісінен кейін өңірлерде жедел штаб құрылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан ТЖМ командалық орталығы және Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті базасында жедел штаб құрылды.

Байланыс және көмек үшін жедел желі жұмыс істеп тұр:

ҚР ТЖМ командалық орталығы – 87172-704118

Түркістан облысы ТЖД – 872533-57886

Жамбыл облысы ТЖД – 87262-513575

Шымкент қаласы ТЖД – 87252-95-57-06.

Министрлік қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін хабарлады.

Ведомство азаматтардан сабыр сақтап, ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Айта кетейік, оңтүстікте 31 елді мекенде жер сілкінісі сезілді.

Сондай-ақ оқыңыз