Қысқа қажетті көмір қоры жеткілікті ме — министрлік жауабы

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қысқа 7,4 млн тонна көмір қоры қажет / Фото: shuttertsock, 

Энергетика министрлігі биылғы қыс маусымына қанша көмір қоры қажет екенін хабарлады. Әзірге жоспардың 65%-ы ғана орындалған.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың жылыту маусымына қажеттілігі 7,4 млн тонна көмірді құрайды.

«Өңірлер бойынша көмір дайындау көлемі 4,8 млн тоннаға жетіп, бұл жоспардың 65%-ын құрайды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, аймақтарда жылу маусымы басталып жатыр. Мәселен бүгін, 6 қазанда Таразда жылыту маусымы басталады. Қазір қалада 5 жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорын бар. Олар жалпы 1 780 нысанды жылумен қамтамасыз етеді.

Ал Алматыда жылыту маусымы уақытынан бұрын басталуы мүмкін. 1 қазанда ауа райы күрт құбылғаннан кейін, қала тұрғындары жылу берілуі керек екендігін жаппай желіде жазып бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз