FlyArystan Ақтаудан Дубайға тікелей рейс ашты. Билет құны қанша

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
flyArystan
Билет бағасы 62 мың теңгеден басталады / Фото: kursiv.media архиві

FlyArystan лоукостері Ақтаудан Дубайға тікелей рейстердің іске қосылғанын хабарлады.

Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады.

«6 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығындағы қысқы мектеп демалысы кезеңінде, сондай-ақ, 10–24 наурыз аралығындағы көктемгі мерекелерде сейсенбі күндері қосымша рейстер орындалады. Күндізгі кесте бұл бағытты отбасылық саяхаттар мен мерекелік сапарлар үшін ерекше ыңғайлы етеді», – деп атап өтті әуе компаниясы.

FlyArystan-ның стандартты тарифіне салмағы 5 кг-нан аспайтын (56×23×36 см) бір дана қол жүгі және борттағы кездейсоқ таңдалған орын кіреді. Жаңа бағыт бойынша билет бағасы 62 мың теңгеден басталады.

Айта кетейік, Қазақстанның басқа өңірлеріндегі жолаушылар Ақтауға Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Астана және Орал қалаларынан FlyArystan рейстерімен жете алады. Қазақстан азаматтары үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін визасыз жүру режимі қолданылады.

Еске салсақ, Дубайға бизнес-класс билеттері 5%-ға қымбаттап, 1400 долларға жетті. Бизнес-класс билеттеріне деген сұраныс бір жылда 17%-ға төмендеді. Ал қазақстандықтар бизнес-класпен ең жиі ұшатын бағыт – Мәскеу. Ресей астанасы 2024 жылдан бері көш бастап тұр. Екінші орында – Ташкент, үшінші орында – Дубай.

Сондай-ақ оқыңыз