Әлем чемпионы Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды
Жарияланды

Өзбекстан футбол қауымдастығы 2006 жылғы әлем чемпионы, «Алтын доп» иегері, әйгілі италиялық қорғаушы Фабио Каннаваромен келісімшартқа қол қойды.
Футбол тарихындағы ең мықты қорғаушылардың бірі саналған Каннаваро үш бірдей әлем чемпионатына қатысып, 2006 жылы Италия құрамасымен бірге Әлем біріншілігінің жеңімпазы атанған. Сол жылы ол футболшыларға берілетін ең беделді марапат «Алтын допты» иеленді.
Енді әйгілі маман Өзбекстан ұлттық құрамасын АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатына дайындайды.
Еске сала кетейік, Өзбекстан құрамасы тарихында алған рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алған еді.