Неге Қазақстан кәсіпкерлері Genesis-ті таңдайды

Жарияланды
Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов Genesis Almaty дилерлік орталығында

Бизнесмендер Genesis автокөліктерін таңдайды: Қазақстанда неге «байыпты салтанат» көңілді баурап алуда.

9-11 қазан аралығында Алматыда өтетін New Vision форумында әлемнің жетекші бизнес көшбасшылары мен сарапшылары бас қосады. Astana Motors құрамындағы Genesis автобренді іс-шараның серіктесі атанды. Дәл осы автокөліктермен Booking.com негізін қалаушы Джефф Хоффман, Apple компаниясының маркетинг жөніндегі бірінші директоры және Electronic Arts (EA Sports) Трип Хокинс, жазушы әрі гуманист Робин Шарма, форумның басқа VIP қонақтары мен спикерлері қала ішінде қозғалады. Ал форум спикері, Astana Group негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов Genesis G90 LWB көлігімен келеді.

Қазақстан – Genesis-тің стратегиялық  таңдауы

Astana Motors құрамындағы Genesis Auto Kazakhstan дистрибьюторы 2024 жылғы қарашадан бастап брендті Қазақстанда ұсынады. Сонымен қатар, 2024 жылы Astana Motors компаниясының еншілес кәсіпорны – Hyundai Trans Kazakhstan зауытында Genesis модельдерін өндіру басталды, ал 2025 жылдың күзінен бастап келесі модельдік қатар локализацияланды: G80, GV70, GV80, GV80 Coupe, G90, G90 Long Wheel Base.

Дистрибуция басшысы Нұрбек Қарағаевтың айтуынша, Genesis сияқты брендтер тек дамыған нарықтарға шығады. Оларға ашық процестер, күшті жергілікті серіктестер, әлемдік деңгейдегі қызмет көрсету, премиум сегментке қызығушылық және жергілікті өндіріс үшін база, сондай-ақ өнімді шынайы бағалай алатын клиенттер қажет. Қазіргі таңда ондай шарттар Қазақстанда бар.

Genesis Auto Kazakhstan дистрибуция басшысы Нұрбек Қарағаев

«Соңғы бес жылда Қазақстандағы клиент неғұрлым саналы, талапшыл бола бастады. Не қалайтынын жақсы түсінеді. Сатып алуда, брендпен өзара байланыста жеке көзқарас пен жағымды эмоцияларды көбірек бағалайды. Бұл автокөлік нарығының барлық сегментінде, соның ішінде премиум санатта орын алуда. Өкілдік көліктерге қойылатын талаптар өзгерді. Бүгінде кәсіпкерлер демонстрациялық сән-салтанаттан алыстап барады. Олар үшін білгірлерге түсінікті жайлылық, функционалдылық пен интеллектуалды құндылық маңызды. Көлік тек мәртебе символына ғана емес, сонымен қатар жеке кеңістікке айналады. Оны қандай жағдайда жүргізсең де ыңғайлы болуы қажет, ал егер жеке жүргізушісіңіз болса, онда артқы орындықта аяғығыңызды арқайын соза аласыз. Бұл премиум-сегменттің жаңа көрінісі», – дейді Қазақстандағы Genesis дистрибуция басшысы Нұрбек Қарағаев.

АҚШ, Канада, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерінің нарығында болса да, ТМД-да бренд тек Қазақстанда ғана ресми түрде ұсынылған.

«Оңтүстіккореялық әріптестеріміздің пікірінше, Қазақстан ең тартымды нарыққа айналып, белсенді дамып келеді және өсуге мүмкіндігі бар. Қазақстанда тәжірибелі ойыншы – Astana Motors компаниясы және оның негізін қалаушы, беделі жоғары Нұрлан Смағұлов бар. Айтпақшы, Нұрлан Еркебұланұлы – Genesis брендінің көптен бері жанкүйері. Ол Genesis көліктерін жақсы біледі және брендтің флагманымен жүреді. Ол Genesis-ті елімізде лайықты түрде таныстыру үшін көп жұмыс істеді. Өз кезегінде бұл – корей штаб-пәтерінің шешіміне әсер еткен негізгі факторлар», – деп атап өтті Н. Қарағаев.

Нұрлан Смағұлов Genesis Almaty ДО ашылуында Hyundai Motor Company вице-президенті О Ыккюнді күтіп алу сәті

Брендтің Қазақстандағы маңызды қадамдарының бірі қыркүйек айында Genesis Almaty флагмандық дилерлік орталығының ашылуы өтті. Брендтің жаңа стандарттары бойынша салынып, минималистік стильде безендірілген әл-Фараби даңғылындағы кең ғимарат клиенттерге ерекше атмосфера сыйлайды.

«Genesis Almaty минималистік стильде Genesis стандарттарына сәйкес жасалған. Біздің орталық әдеттегі автосалондардан бөлек. Бізде автокөлікке арналған террасса мен 100 жастағы бонсай, премиум кофе бары орналасқан, онда авторлық технология бойынша сусындардың 15-тен астам түрі дайындалады. Біз әр адамның қолы рульге тигенге дейін брендті сезінгенін қалаймыз», – деп түсіндіреді Н. Қарағаев.

 «Байыпты сән-салтанат» деген не?

Genesis өзін байыпты сән-салтанаттың бренді ретінде көрсетеді. Дизайнға әлемдік автокөлік өнеркәсібінің жұлдыздары жауапты. Айталық, Genesis жаһандық дизайн орталығының басшысы Санг Юп Ли брендтің жеке стилі — «қос сызықтар», «G-Matrix» және «quiet luxury» концепциясын қарқынды дамытуда. Бұрын ол GM (Chevrolet Camaro) және Bentley (Continental GT, Flying Spur) компанияларында жұмыс істеген. Сонымен бірге Lamborghini Murciélago және Bentley Continental дизайнері Люк Донкерволке және Audi TT және VW Passat құрастырушысы Питер Шрейер де Genesis модельдерімен жұмыс істеді.

Genesis үнемі J.D. Power IQS рейтингінде Lexus, Porsche және Mercedes-ті басып озып, жетекші орын алып келеді. 2022 жылы бренд әлемдегі ең инновациялы премиум брендтердің үштігіне кірді, ал 2025 жылы қауіпсіздік бойынша ең жоғары балл алды. Оның көптеген модельдері 10-нан 10 балл алды.

Қазақстанда G90 флагмандық седаны және оның ұзын базалы нұсқасы – G90 Long Wheel Base лимузині, премиум санаттағы G80 мен спорттық G70 моделдьдері, сондай-ақ GV70, GV80 және GV80 Coupe кроссоверлері ұсынылған.

Genesis автокөліктері

Бағалар 28 065 000 теңгеден басталады. Айталық, G70 shooting brake спорт универсалы осындай бағада тұрады.

Флагмандық Genesis G90 Black седанының бағасы 83 600 000 теңгені құрайды. Ұзын базасы Genesis G90 Long Wheel Base – 95 690 000 теңге тұрады. Дегенмен әрбір модельді клиенттің жеке талаптарына сәйкес бейімдеуге болады.

«Нағыз корейлік» атты брендтің ұраны ұлттық мінез бен даралық үйлесімін айшықтайды. Genesis-те көліктің сыртқы түсін, интерьер материалдарын және опцияларды таңдауға болады. Көлік тікелей иесіне бейімделіп шығарылады.

«Біздің клиент эстетика мен технологияны бағалайтын табысты, прогрессивті адам, сонымен бірге ол сән-салтанатқа байыппен қарайды. Оның таңдауы – стиль, жайлылық, баға мен сапаның ақылға қонымды тепе-теңдігі. Бізде отбасы үшін екінші көлік алуға қайта оралған клиенттеріміз баршылық. Genesis шын мәнінде адалдықты қалыптастырады», – дейді Н.Қарағаев.

Қызмет: қамқорлық пен сенім

Премиум сегменттің негізгі элементі – қызмет. Genesis-те ол жайлылық пен ұсақ-түйекке назар аударуға негізделген. Клиенттерге қызметтің жетілдірілген түрлері ұсынылады. Автокөлікті ыңғайлы мекен-жайға жеткізетін жүрмелі тест-драйв өткізу және Home to Home  автокөлікті сервиске алып кетіп, иесіне қайтару қызметі қарастырылған.

«Менің сүйікті функциям – Mood Curator.  Сіз режимді таңдайсыз, ал автокөлік жеке SPA-ға айналып, музыка, ауаның хош иісі, орындық массажы қосылады. Бұндай нәрсе ешкімде жоқ екеніне келісесіз ғой», – дейді Н.Қарағаев.

Genesis-ті болашақта не күтіп тұр?

Genesis бүкіл әлемде қарқынды дамып келеді. 2023 жылы миллионыншы автокөлік сатылды. 2025 жылдың бірінші тоқсанында АҚШ-тағы сатылымдар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға өсті.

Бренд Қазақстанда да қарқынды өсім көрсетуде. Astana Motors дилерлік желілерді кеңейтуді, ірі қалаларға кіруді, сервистік инфрақұрылым мен адалдық бағдарламаларын дамытуды жоспарлап отыр.

Genesis Almaty ДО

Genesis автокөліктерін Астанадағы Talan Gallery-де орналасқан шоурумда және жаңа Genesis Almaty дилерлік орталығында сатып алуға болады.

Бренд, қолжетімді модельдер және сатып алу шарттары туралы толық ақпаратты Genesis, дистрибьюторының ресми парақшасынан немесе 7007 байланыс орталығынан білуге болады.

Серіктестік негізде

Сондай-ақ оқыңыз