Ватикан Израильдің Газадағы «қанды қырғынын» қатаң сынады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Газа секторындағы лашықта тұрып жатқан бала / фото: REUTERS/Khames Alrefi
Газа секторындағы лашықта тұрып жатқан бала / фото: REUTERS/Khames Alrefi

Ватиканның бас дипломаты Израильдің Газа секторындағы «қанды қырғынын» қатаң сынады. Кардинал Пьетро Паролин армия ХАМАС содырларын емес, қорғансыз халықты қырып жатыр деп есептейді. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Рим папасы Левтің бас орынбасарларының бірі саналатын кардинал Ватикан ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Мәлімдеме 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС тобының Израильге шабуылына екі жыл толуына орай жарияланды.

«Израиль армиясы ХАМАС содырларын жою үшін жүргізіп отырған соғысы әбден қалжыраған, үйлері үйіндіге айналған мекенде тұруға мәжбүр қорғаныс халыққа қарсы бағытталғанын мойындағысы келмейді», – дейді Паролин.

Ол халықаралық қауымдастықтың, өкінішке қарай, осы қырғынды тоқтата алмай отырғанын, ал шамасы жететін елдер әлі де болса шара қолданбағанын атап өтті.

Reuters әлемнің көптеген елінде елшілігі бар Ватикан әдетте жанжалдарға қатысты жиі үн қата бермейтінін жазды. Алайда биыл мамырда сайланған Лев Израильдің Газадағы әскери науқанын жиі сынап жүр.

Сондай-ақ оқыңыз