Ауа райы: кей өңірде -13 градус аяз болады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы күндері елдің көптеген өңірінде күн ашық болады. Алайда шығыстағы аймақтарда -13 градусқа дейін аяз болады деп болжанды.
Осы аптада Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Соған байланысты жауын-шашынсыз, күн ашық болады.
Республиканың солтүстігі мен шығысында ғана жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Түнгі уақытта солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 1–7 градус аязға дейін төмендейді. Күндіз 4–16 градус жылы болады.
Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 5–13 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 3–11 градус жылы болады деп болжанды.
Қалған өңірлерде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.