Түркі елдері Габаладағы саммитте қауіпсіздік мәселесін талқылайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні кешке Әзербайжанның Габала қаласына ұшып барды. Ол сейсенбі күні Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысады. Түркі елдері қауіпсіздік мәселесін талқылайды.

«Аймақтағы бейбітшілік және қауіпсіздік» деген тақырыппын өтетін саммитке ұйымға мүше және бақылаушы елдердің басшылары мен үкімет мүшелері қатысады. Олар аймақтың ғана емес, бүкіл әлемнің өзекті мәселелерін талқылайды.

Дүйсенбі күні кешке Габалаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров ұшып барды. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан да осында жүр. Саммитке Түркия президенті Реджеп Ердоған да қатысады.

Жоғары деңгейдегі кездесулер нәтижесінде бірқатар маңызды құжат, соның ішінде Габала декларациясы қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыз