Германияда қала мэрі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Bild.com

Германияның Хердеке қаласында (Солтүстік Рейн-Вестфалия ) жақында сайланған қала мэрін белгісіз біреулер пышақтап, ішінен және арқасынан ауыр пышақ жарақат алды. Ол – 57 жастағы Германияның социал-демократиялық партиясының өкілі Ирис Штальцер.

BILD басылымының мәліметінше, жараланған Штальцерді оның ұлы өз пәтерінен тапқан. Есінен танып қалмай тұрып, мэр оған өзіне көшеде бірнеше ер адам шабуыл жасағанын айтып үлгерген. Дәрігерлер қазір оның өмірі үшін күресіп жатыр, жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

Ирис Штальцер Хердеке қаласының мэрі болып 28 қыркүйекте өткен муниципалдық сайлаудың екінші кезеңінде сайланған еді. Шабуыл оның сайлауда жеңіске жеткенінен кейін бар болғаны он күн өткен соң болған.

Сондай-ақ оқыңыз