ШҚО-да қамауға алынғандардан 7 келіге жуық алтын тәркіленді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алтынның жалпы құны жалпы құны 382 млн теңге деп бағаланған/фото: kursiv.media архиві

Шығыс Қазақстан облысында алтынды екі жыл заңсыз өндіруге қатысқандар қамауға алынды.

Олардан тінту барысында жалпы құны 382 млн теңге 6,7 кг алтын, 10 млн теңге және 56 мың доллар қолма-қол ақша тәркіленді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Ұлан ауданы Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр.  

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ директоры орынбасарларының бірі басқа адамдармен бірге әрекет етіп, кен орнын заңсыз игеруді ұйымдастырған.

Осы мақсатта олар өз бақылауындағы «EastGoldStone» ЖШС-ны тіркеп пайдаланған.

Алтын өндіру жұмыстары екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр арнайы техниканы қолданып, өзеннің табиғи арнасына араласу арқылы жүргізілген. Салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал 300 млн теңгеден асты.

Күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз