Алматыда жедел жәрдем көлігі 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жедел жәрдем көлігі 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті / Фото: Shuttertsock

Алматыда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер жолағында 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті. Оқиға салдарынан бала түрлі дене жарақатын алған.

Жол апаты 7 қазан күні Жандосов пен Береговой көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігі қарсы бағыттағы жолақпен қозғалып келе жатып, жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімге соққан.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен оқушыны жедел жәрдем бригадасы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізген.

«Науқасты нейрохирург қарап, қажетті тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, бас пен беттегі жұмсақ тіндердің көгеруі және сол тізе буынының соғылуы диагнозы қойылды», – делінген басқарма хабарламасында.

Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімнің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Қазір ол нейрохирургия бөлімінде бақылауға алынып, ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз