Шетелдік маркетплейстен сатып алған тауарға декларацияны қалай тапсырады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан азаматтары шетелдік интернет-дүкендерден сатып алған тауарларын кедендік тәртіпке сай декларациялауы қажет. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік әдіснама басқармасының басшысы Болат Ибрагимов мәлімдеді.

Оның айтуынша, енді жеке тұлғалар шетелден тапсырыс берген заттарын өздері де декларациялай алады немесе бұл міндетті арнайы тіркелген электрондық сауда операторлары орындайды. Қазіргі таңда Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми тізіміне екі оператор енгізілген – «Қазпошта» АҚ және DHL Kazakhstan.

«Негізінен азаматтар үшін ештеңе күрделі өзгермейді. Бұрынғыдай тауарларын «Қазпошта» немесе DHL арқылы ала береді. Егер сатып алынған тауардың құны баж салығынан босатылатын шектен асып кетсе, барлық төлемді оператор алдын ала жүргізеді. Кейін бұл сома сатып алушының атына есептеледі», – деді КГД өкілі.

Оның сөзінше, онлайн сауда ең көп дамыған кезең – пандемия жылдары болған. Сол кезде пошта арқылы жеткізілетін тауарлар үшін бажсыз әкелудің шекті мөлшері 200 еуро және 31 келі болып белгіленген еді.

«Қазір Еуразиялық экономикалық комиссия ұқсас норманы қарастырып жатыр, бірақ салмақтық шектеу алынып тасталуы мүмкін. Яғни ЕАЭО аумағына 200 еуроға дейінгі тауарлар кедендік төлемсіз жеткізіле алады», – деді Ибрагимов.

Электрондық сауда операторы болғысы келетін компаниялар белгілі бір талаптарға сай келуі керек. Атап айтқанда, олардың тауарды декларацияға дейін уақытша сақтайтын қоймасы, кедендік баж бен салықтарды 500 мың еуроға дейін төлеуге қаржылық кепілдігі және КГД-ның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған өз деректер жүйесі болуы тиіс.

«Егер тауардың құны 200 еуродан асып кетсе, қазір Еуразиялық комиссия 5% мөлшерінде кедендік баж енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр», – деді ол.

25 қыркүйектер Сенат тиісті заңды мақұлдаған. Соған сәйкес, Pinduoudo, Temu дүкендерінен көп тауар алатындар салық төлеп, декларация тапсырады.

Сондай-ақ оқыңыз