МӘМС жүйесінен кей азаматтарға SMS жіберіледі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SMS 1414 нөмірінен жіберіледі/фото: shutterstock

МӘМС жүйесінен кей азаматтарға хабарлама жіберіледі. Тізімге «сақтандырылған» мәртебесінен айырылуы мүмкін азаматтар енген. SMS 1414 нөмірінен жолданады.

Хабарлама ескерту мақсатында жіберіледі. Нәтижесінде азаматтар алдын ала жүйедегі статусын тексеріп, медициналық көмектен қол үзбеуі үшін шара қолдана алады.

Қыркүйекте хабарламаның алғашқы легі жолданды. Тізімге МӘМС-ке соңғы төлемі маусымда түскен азаматтарға енген. Ал шілде, тамыз және қыркүйекте жарна түспеген. Олар қазанда «сақтандырылған» статусынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, заң бойынша жарна төлеуді тоқтатқан азаматтар МӘМС арқылы үш ай медициналық көмек ала алады. Бұл айда «сақтандырылған» статусын сақтап тұрады, бірақ кейін үш ай үшін жарна төлеуге міндетті.

Сақтандыру мәртебесі бойынша ақпаратты msqory.kz сайтынан, Telegram-дағы SaqtandyryBot, сондай-ақ eGov Mobile, Damumed, Qoldau 24/7, Kaspi Bank, Halyk Bank, Банк Центр Кредит (BCC.KZ), Freedom Bank, Bank Bereke, Bank Home Credit Bank, АО «Евразийский банк» мобильді қосымшалары арқылы алуға болады.

Бұған дейін үш ай бойы жұмыс істемеген азаматтар есепке алынатыны айтылды. Бұл өзгеріс 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 

Сондай-ақ оқыңыз