Биыл республикалық бюджетке 21,6 триллион теңге түсті

Жарияланды 8 Қазан 2025 17:32

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Тоқаев қаржы министрін қабылдады/фото: shutterstock

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы министрі Мәди Тәкиевті қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, президентке республикалық бюджеттің орындалуы және мемлекет қаржысын цифрландыруды ілгерілету жұмыстары жөнінде баяндалды.

Мәди Тәкиевтің айтуынша, биыл республикалық бюджетке 21,6 триллион теңге көлемінде кіріс түскен.

Оның 15,2 триллион теңгесі – салық түсімі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,4 пайыз жоғары. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бюджет 101,6 пайыз орындалып, әлеуметтік бағыты сақталып отыр.

Мемлекеттік аудиттің нәтижелеріне келсек, 8 айда 791 тексеру жүргізіліп, 337,5 миллиард теңгенің заңсыз жұмсалғаны анықталды.

«Президент мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру мен барлық әлеуметтік міндеттемені орындау керек екеніне тоқталды», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 1 шілдеге дейін республикалық бюджетке 10,3 трлн теңге түскен еді.

Сондай-ақ оқыңыз